Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізу жоспарланбаған

Qaz365.kz редакциясы

Қорғаныс министрлігі осылайша бюджет қаражатын үнемдегісі келеді

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізу жоспарланған жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Қазақстанда 2023 жылы әскери шеру өткізу бюджет қаражатын үнемдеу, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланған жоқ", - делінген хабарламада.

Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының талап етілетін деңгейін ұстап тұру басым бағыт саналатыны айтылды.

Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосы жоспарланған әскери-патриоттық іс-шаралар өтетіні туралы мәлімделді.

Еске салайық, кейінгі үш жылдан бері Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізілмеді.