Қазақстанның бес облысында автогаз бағасын көтеру туралы бұйрық шықты

Qaz365.kz редакциясы
Фото: stan.kz

Қазақстанның бес облысында автогаз бағасын көтеру туралы бұйрық шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі. 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Қазақстан Республикасындағы автокөліктерге жанар-жағармай құю станцияларында сұйытылған көмірсутекті газды бөлшек саудада өткізу бағасын уақытша мемлекеттік реттеуді енгізу туралы" бұйрығы күшіне енді және 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сұйытылған мұнай газын сату бағасы келесі төмендегідей өзгергені хабарланды:

Шығыс Қазақстан облысы – 60 теңгеден 70 теңгеге дейін (+10);

Абай ауданы – 60 теңгеден 65 теңгеге дейін (+5);

Алматы облысы – 70 теңгеден 75 теңгеге дейін (+5);

Алматы қаласы – 65 теңгеден 75 теңгеге дейін (+10);

Солтүстік Қазақстан облысы – 70 теңгеден 75 теңгеге дейін (+5).

"Бірқатар өңірлерде сұйытылған көмірсутекті газды сатудың шекті бағасын (5 теңгеден 10 теңгеге дейін) арттыру қажеттілігіне қатысты тәртіпке өзгерістер енгізілді. Сұйытылған мұнай газын сатудың шекті бөлшек сауда бағасын көтеру қажеттілігі тасымалдау қызметтері құнының өсуімен, тасымалдау шығындарына тарифтердің өсуімен байланысты", - делінген ведомство хабарламасында.

Магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне ҚТЖ тарифі және теміржол және локомотив тарту бойынша жүктерді тасымалдау қызметтерін көрсету бойынша "ҚТЖ-Жүк тасымалы" тарифі де көтерілгені атап өтілді.