Оралда қоқыс жәшігінен нәресте табылды

Qaz365.kz редакциясы

Полицейлер баланың анасын бірден тапты

pixabay.com

Оралда қоқыс жәшігінен нәресте табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

24 сәуірде сағат 11:30-да Надежда көшесіндегі 66-үйдің жанындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің табылғаны туралы хабар келіп түсті. Шақалақ целлофан қалтаға оралып тасталған екен.

"Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жаңа туған ұл баланы дереу қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Бұл факт ҚК-нің 119-бабы бойынша ("Қауіпті жағдайда қалдыру") бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, - делінген хабарламада.

Полицейлер баланың анасын бірден тапты. Енді оған 100 АЕК-ке дейін айыппұл салу не сол мөлшердегі түзеу жұмыстары, не 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту болмаса 45 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін.