Полиция көлікті басқаруды кәмелетке толмағандарға беруге қатаң тыйым салынғанын еске салады.
Қайғылы оқиға 23 сәуір күні кешке Жетісу облысы Сарқан қаласының көшелерінің бірінде болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі POLICE.KZ сайтына сілтеме жасап.
Төрт жасар бала Honda Odissey автокөлігі дөңгелектерінің астына түсіп, аудандық ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болды. Белгілі болғандай, шетелдік көліктің тізгінінде 15 жастағы оқушы болған.
Сарқан ауданының полициясы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
Полиция көлікті басқаруды кәмелетке толмағандарға беруге қатаң тыйым салынғанын еске салады.