Павлодарда кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған нәрестенің денесі табылды

Qaz365.kz редакциясы

"Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

azattyq-ruhy.kz

Павлодарда кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, 20 сәуір күні сағат 18:15-те Бакинская көшесіндегі тұрғын үйдің бір подъезінің жертөлесіндегі кәріз құбырын тазалау кезінде шала туылған ұл баланың мәйіті табылды.

ҚР Қылмыстық кодексiнің 100-бабы – "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 Сот-медициналық сараптама тағайындалды.