Кенияда "Исамен кездесу" үшін ауыз бекіткен 39 адамның мәйіті табылды

Qaz365.kz редакциясы

Оларды ауыз бекітуге жергілікті пастор итермелеген

ашық дереккөзден

Кенияның Малинди қаласында аштықтан қайтқан 39 адамның мәйіті табылды. Оларды ауыз бекітуге жергілікті пастор итермелеген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция аштан бұратылып жатқан тағы 15 тұрғынды анықтаған. Кейін олардың 4-уі көз жұмды. Тұрғындар "Исамен кездесу үшін Пол Макензи есімді пастордың нұсқауы бойынша аш жүргенін" айтады. Дін атын жамылған қызметкер қамауға алынды. Ол өлген адамдарды шіркеу аумағына көме берген. Пастордың өзі қамауға алынғалы наразылық ретінде аштық жариялаған. 

“Біз адамдардың өзін өзі өлтіруіне жол бере алмаймыз. Әр шіркеу, мешіт, храм мен синагога ресми тіркелуі тиіс. Біз ведомствоаралық комиссияны мына үлкен аумақты қарап шығуға шақырамыз. Адамдардың мәйіті әлі де табылуы мүмкін”, – дейді адам құқықтары бойынша белсенді Халид Хусейн.