Оралда өртенген гаражда қайтыс болғандар анықталды

Qaz365.kz редакциясы

21 жастағы ер адам гаражды жалға алып, жұмыс істеген

Ашық дереккөздерден

БҚО полиция департаменті Орал қаласында өртенген гаражда қайтыс болған адамдар жөнінде айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға орнынан табылған үш адамның екеуінің кім екендігі анықталды.

«Олар – 1982 жылғы әйел және 2002 жылғы ер адам. Тағы бір ер адамның жеке басы анықталу үстінде. 21 жастағы ер адам гаражды жалға алып, жұмыс істеген. Марқұмдардың мәйіттері сот-медициналық сараптамаға жіберілді», – деп хабарлады ведомстводан.