Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы күрт өсті: қай өңір тұрғындары ең ұзақ жасайды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл көрсеткіш бір жылдың ішінде бірден 4,2 жасқа өсті

Ашық дереккөздерден

2022 жылы туған кездегі халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құрады, бұл көрсеткіш бір жылдың ішінде бірден 4,2 жасқа өсті, деп хабарлайды Qaz365.kz..

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020-2021 жылдары өмір сүру ұзақтығы көп жылғы өсімнен кейін алғаш рет төмендеген, тиісінше 71,3 және 70,2 жасты құрайды.

Гендерлік тұрғыдан алғанда, әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 78,4 жасты құрады, 2021 жыл 74 жас болған. Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,2 жасқа дейін өсті, бұған дейін соңғы 5 жылда ол 68,8 жас деңгейінен көтерілмеген болатын. 

Өңірлік бөліністе Алматы қаласында өмір сүру ұзақтығы ең жоғары – 77,3 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 71,4 жас.

Айта кетейік, туған кезде халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы – бұл ұрпақтың бүкіл өмірінде әр жас тобындағы өлім-жітім деңгейінің көрсеткіші есептік жылдағыдай деңгейде өзгеріссіз қалатын жағдайда осы ұрпақтан туған бір адамның өмір сүретін жасы.