Өскеменде өрт сөндірушілер пәтерде шыққан өрттен 7 адамды құтқарып қалды

Qaz365.kz редакциясы

Оның 2-і мүгедек, 2-і бала

видеодан скриншот

Өскеменде өрт сөндірушілер пәтерде шыққан өрттен 7 адамды құтқарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Куәгерлер Қ. Бітібаева көшесіндегі 2-қабаттағы пәтердің терезесінен қатты түтінді байқап калды және  олар бұл туралы дереу өрт сөндіру қызметіне хабарлады.

Өрт жоғары қабаттардың балкондарына тез тарап жатты. Қалың, қара түтін бүкіл кіреберісті жауып тастады. Оқиға орнына 6 минут ішінде келіп, жедел құрылған газ-түтіннен қорғау қызметі тұрғындарды құтқаруға және эвакуациялауға кірісті. Бір мезгілде өртті сөндіру жүргізіле бастады. Өрт сөндірушілер 7 адамды құтқарды, оның 2-і мүгедек, 2-і бала.​ Кейбір тұрғындарды көтеріп шығарды. Құтқарушылар 5 азаматқа түтінді кіреберістен эвакуациялануға көмектесті. Өрт ошағы болған пәтерде 1952 жылы туған ер адамға апаттар орталығы мен жедел жәрдем  дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, медициналық мекемеге жеткізді. 

Өрт сөндірушілерге 55 шаршы метр аумақтағы өртті толығымен сөндіру үшін 40 минут қажет болды. өрттен шамамен 5 балкон зардап шекті.​ ​ ​ ​

Отпен күреске жеке құрамның 19 адамы мен 6 техника жұмылдырылды. Өрттің алдын – ала себебі нұсқасы бойынша -темекі шегу кезінде өртті абайсыз пайдалану болжамы қарастырылуда. 

ШҚО ТЖД азаматтардан келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:

- пәтерлерде және балкондарда темекі шекпеңіз

- балкондардың бөлмелерін жанғыш материалдармен, ескі жиһаздармен, макулатуралармен және отқа себеп бола алатын басқа заттармен толтырмаңыз

- пәтерден шыққан кезде әрқашан балкондардың терезелері мен есіктерін жабыңыз

- пәтерде алғашқы өрт сөндіру құралдары бар

- мүмкіндігінше балкондар мен лоджияларды жауып, ашық терезелерді қараусыз қалдырмаңыз

- балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылдарын тастамаңыз

​ ​ ​ ​ ​ ​ Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау өртті болдырмауға мүмкіндік береді. 
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлаңыз.