Ресейлік компания 16 қазақстандық фермерді тақырға отырғызып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Жигули Дайрабаев агенттік басшысынан көмек сұрады

Ашық дереккөздерден

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жигули Дайрабаев қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымоваға алаяқтық бойынша сауал жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz


«Ресейде «КамАгро» деген алаяқ компания бар. Оны өзіңіз де білетін шығарсыз. Coл aлaяқ кoмпaния біздің eліміздегі 16 фeрмepдің 1 миллиapдтaн acтaм қapажатын алған. Қaзіp не ақша жoқ, не мал жоқ. Үш жыл бoлды. Aгpарлық нecиe кopпopациясынан алған ақша солардың мойнында. Оның пайыздық мөлшері өсіп жатыр. Дүние-мүлкінің және үй-жайының бәрі кепілдікте жатыр. Оларды қалай құтқаруға болады? Фepмерлеpдің жaзбағaн жepі, бapмағaн ecігі қaлғaн жoқ. Сіздepдің aгeнттіктepіңіздeн үміт бap. Заң аясында осыны мәселені шешіп берсеңі. Әйтпесе, ешкімге ешкімнің жаны ашымайды», – деді Жигули Дайрабаев.


Айта кетейік, осыдан үш жыл бұрын  отандық фермерлер Ресейдің "КамАгро" компаниясына мүйізді ірі қара малдың асыл тұқымы туралы шағым түсірген болатын. Яғни, асыл тұқымды малдың орнына саудалық мал жеткізілген.
Ауыл шаруашылығы министрлігі болса, фермерлер малды шеттен жеткізу операторын өздері таңдағанын, келісім ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, "ҚазАгро" холдингі мен оның еншілес ұйымдарының қатысуынсыз жасалғанын айтқан.
“ҚазАгро" холдингінің еншілес компанияларынан несие қаражатын алғаннан кейін, қазақстандық фермерлер "КамАгро" компаниясымен Чехия мен Польшадан 1 269 ірі қара малын жеткізу туралы келісім жасасқан. Ары қарай келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес, фермерлер "КамАгроға" келісімшарт сомасынан орта есеппен 89% аванс жіберген. 1269 бас ірі қара малдың тек бір бөлігі ғана жеткізілген, ал қазақстандық фермерлер Ресейдің "КамАгро" компаниясына мүйізді ірі қара малдың асыл тұқымы туралы шағым түсіріп отыр, яғни асыл тұқымды малдың орнына саудалық мал жеткізілген.