Қазақстандағы тағы үш бағытта әйелдер вагоны пайда болады

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстанда алғаш рет әйелдер вагоны 2021 жылдың қазан айында пайда болған.

Ашық дереккөздерден

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов әйелдер вагонының ашылуын қоғам тарапынан жақсы қабылданып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды  Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл жобаны кеңейту үшін жолаушылардан көп өтініш түскен.

«Осы жазғы сапарлар үшін пилоттық режимде біз оны кеңейтуді шештік. Қазірдің өзінде Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен, Павлодар – Түркістан, Маңғыстау – Семей, Атырау – Астана бағытындағы пойыздарда әйелдер вагондары бар. Биылғы жазғы кезеңде әйелдер вагондары бар қосымша үш бағыт ашылады: Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Ақтөбе», - деді ол.

Бұл ретте Тайжанов әйелдер вагондары тұрақты пойыздарда және Тальгода болатынын қосты.

Қазақстанда алғаш рет әйелдер вагоны 2021 жылдың қазан айында пайда болған.