Автонарық: Бағаны көтерген кімдер

Qaz365.kz редакциясы

Ресейлік дистрибьюторлар мен «сұр» дилерлер не істеді?

ашық дереккөзден

Елімізде Ресейден көлік сатып алушы дилерлер қаптады. Бұл туралы Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Автокөлік тапшылығы әртүрлі схема бойынша көлік сатып алуға дайын ресейлік дилерлердің қаптап кетуімен байланысты болған еді.

«Ресмиі бар, бейресмиі бар, әйтеуір Ресейден көлік сатып алушы дилерлер қаптады. Олар біздің автосалондарға келіп, көлік сатып алғысы келді. Бірақ біз сата алмаймыз, себебі отандық өндірушілер Ресейге машинаны ресми түрде сатуға тыйым салды. 50 мың доллардан астам – бұл қайталама санкциялар, мұның салдары жаман. Ресейлік дистрибьюторлар мен «сұр» дилерлер не істеді? Олар біздің азаматтарға ақша берді, біздікілер өздеріне көлік сатып алып, ресейліктерге қайталама көлік ретінде сата бастады», - деді Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов. 

Смағұловтың айтуынша, бұл қитұрқы әрекет 5 айға жалғасқан, қазір ол жоқ. Қазір қазақстандық нарық бюджеттік автокөлікке толды, люкс класты машиналар аздап тапшы, бірақ оны алдағы екі айда жоюға болады.