Күдікті қырғыз шекарасы арқылы Түркияға қашқан еді
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің өзі берілгенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Мен Серік Күдебаевтың екінші ұлымын. Әкем түнде Асланбек деген кенже ініме қоңырау шалып: «Мен еліме қайтып бара жатырмын. Сендерді жақсы көремін, еліме ораламын», - деп айтыпты. БАҚ-та құқық қорғау органдары өздері ұстағанын жазған, - дейді Арман Мырзақұлов Ratel-ге берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, қырғыз шекарасы арқылы Түркияға қашқан Серік Күдебаев ұсталғанын бас прокурор Берік Асылов хабарлаған еді.