Халқыма оқ атқаным жоқ - Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Талдықорғанда соты өтіп жатыр

globalnews.kz

Бүгін Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы, генерал Серік Күдебаевтың соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Арнайы күзетпен сот залына жеткізілген полиция генерал-майоры сотта соңғы сөзін айтты.

“Мен кінәлі емеспін. Мен өз халқыма, әйелдер мен балаларға оқ атқаным жоқ. Ешқандай азаптау болған жоқ.  Жәбірленушілер мұны жоққа шығарды. Басқа айтарым жоқ”, - дейді Серік Күдебаев.

Бұған дейін Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің ұсталғанына қатысты пікір білдіріп, оның құқық қорғау органдарына өз еркімен берілгенін айтқан.

Сот кеңесу бөлмесіне шығып кетті. Үкім бүгін жарияланады.

Еске сала кетейік, қырғыз шекарасы арқылы Түркияға қашқан  Серік Күдебаев ұсталғанын бас прокурор Берік Асылов хабарлаған еді.