Ақсай қаласында тапаншадан оқ атылды: полиция қылмыстық іс қозғады

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға 29 сәуір күні шамамен сағат 18.00-де болған.

Ашық дереккөздерден

Ақсай қаласында көп қабатты тұрғын үйдің ауласында ер адамдар арасында қақтығыс болып, тапаншадан оқ атылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш оқиға түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралды.Онда ер адамдардың бір-бірімен байланысып, біреуінің соққы жұмсап, қаша жөнелгені көрінеді. Бәрі соның соңынан қуып бара жатқан сәтте атысқа ұқсас дауыс та естіледі.

Оқиға 29 сәуір күні шамамен сағат 18.00-де болған.

«Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде жанжалға қатысушылардың бәрі анықталып, полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі 2-тармақшасына (газды қаруды қолданып жасалған бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Істің мән-жайы толық анықталатын болады. Аудан прокуратурасы тарапынан жазбалай нұсқау берілді. Зардап шеккендер жоқ. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес таратуға жатпайды», – деп хабарлады ведомстводан.