Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді
Қызылорда қаласында полицейлер екінші қабаттан құлағалы тұрған сәбидің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 28 сәуір сағат 11:40 шамасында Қызылорда қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды.
Сол үйдің тұрғыны екінші қабаттан бүлдіршіннің балконнан құлағалы тұрғанын байқап қалған.
Дереу полицияға хабарласып, оқиға жайында баяндаған.
«Оқиға орнына Ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары Жандос Мәлік пен Азамат Мәмбеталиев жедел жетті. Нәтижесінде 4 жастағы бүлдіршінді құтқарып қалды. Бүлдіршінді облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қазір сәбидің денсаулығы қалыпты. Ол ата-анасына табыс етілді», - делінген хабарламада.