AMANAT партиясы Башинскаяның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы
Коллаж stan.kz

Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауға кеңес берген  Анна Башинскаяның әрекетіне қатысты AMANAT партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, депутаттың бұл пікірі партияның көзқарасын білдірмейді.

"А.Башинскаяның бұл пікірі партияның көзқарасын білдірмейді. «AMANAT» партиясы өзге елдердің саясатына араласпайды. 
А.Башинская абайсызда қателікпен жазылған пікірі үшін өз тарапынан кешірім сұрады. Дегенмен, айтылған сөздің ауыртпалығы мен оның саяси астарын ескере отырып, бұл мәселені партия бей-жай қалдырмайды”, – деді ол.

Сондай-ақ ол мәселені тез арада партияның тиісті құрылымдарында қарастыратынын жеткізді.

Оның сөзінше, әрбір жергілікті мәслихат депутаты өзі тұрып жатқан мемлекеттің мүддесін басты орынға қоюы тиіс.