Маңғыстауда қараусыз жатқан ұңғыдан мұнай атқылады

Qaz365.kz редакциясы

2017 жылдан бері қызметін тоқтатқан

appreal.org

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы маңындағы қараусыз жатқан ұңғыдан мұнай атқылаған. Салдарынан жер бүлініп, қоршаған ортаға залал келтірілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Бұл жағдай бойынша экология департаментінің мамандары тексеру жүргізген. Нәтижесінде экологиялық апат болған жер «Шалва» және «Каминистое нефть» серіктестіктеріне тиесілі екені анықталды. Алайда аталған мекемелер 2017 жылдан бері қызметін тоқтатқан. Қазір мұнай саласындағы өзге компанияға өтініш жіберіліп, бүлінген жер залалсыздандырылып жатыр.

«Департамент тарпынан және уәкілетті органдардың тарапынан жұмыстар жүргізіліп, мәселені шешу жөнінде яғни аталған жерді игеру бойынша тиісті мемлекеттік мекемелерге хат жолданды. Жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді Маңғыстау облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Гүлім Ұлықпанова.