Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты

Qaz365.kz редакциясы

Прокурор Сатыбалдыға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын

ашық дереккөзден

Астанада қазақстандық кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Кінәлі деп танып және қылмыстар жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", –  деді судья Кемеңгер Имашев.

Еске салайық, прокурор Сатыбалдыға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын. Жәбірленушілер сотта 12 миллиард теңгеге жуық ақшаны қайтаруды талап етті, олардың арасында белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагузов пен Айгүл Мекешева да бар.