Fly Arystan айтыскерге ұшаққа домбырамен кіруге рұқсат бермей қойған

Qaz365.kz редакциясы

Бортсеріктер оны күшпен шығармақ болған

Коллаж: Qaz365.kz

Жас айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Fly Arystan қызметкерлері ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат бермей қойғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Fly Arystan компаниясының қызметкерлері домбыраны ұшаққа кіргізбейсің деп елдің көзінше мені, сосын домбырамды жұлқылады. Бірақ мені жұлқылаған екі қыз менің бұрын бокска қатысқанымды және олардан қарағанда күшім көп екенін білмей қалыпты. 2 қыздың жағама жабысқанына қарамай домбырамды Астанаға өзіммен бірге ұшақпен алып келдім! Жақсы жеттік! Әбден есіріп,елдің құқығын таптап ақшасын жеп жатқан осы компанияға тоқтау салатын біреу бар ма?!”, – деді ол желідегі парақшасында.

Ақынның айтуынша, компания бортсеріктері домбырасын қалдырмаған жағдайда Айшолпан Тілеубайды рейске жібермейтінін ескерткен. Олардың сөзін елемей, жұқлылағанына бой бермей ұшақ бортына өтіп кеткен ақынның алдынан күзетші шығыпты. 

“Ол ағамыз мені таныды ма екен, әлде қазақтың домбырасын құрметтегені ме – ештеңе демей, кіргізді. Ұшаққа отырып, Астанаға жеттім. Менің бір түсінбейтінім, неге біз қазақтың домбырасын мұндай қорлықпен тасуымыз керек? Неге Fly Arystan қызметкерлері мені жұрттың көзінше жұлқылауы керек?” – деп ашуланды өнер иесі.