Теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастырады
7 және 9 мамыр күндері Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері жұмыс істемейді деп хабарлайды Qaz365.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 және 9 мамырдағы мереке күндеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдардың, көліктердің және жүктердің өтуі жүзеге асырылмайды, – делінген хабарламада.
Теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өткісі келетіндердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – деді мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.