«Сапасыз салынған»: Түркістанда желден Ясауи музейінің шатыры қирап қалды

Qaz365.kz редакциясы

Түркістандықтардың айтуынша, музей ғимараты әуеліде-ақ сапасыз салынған

Фото: видеодан скриншот

Түркістан тұрғындары Қожа Ахмет Ясауи музейінің құрылыс сапасын талқылап жатыр деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Өйткені жел салдарынан ғимараттың шатыры жартылай зақымдалған. Тұрғындар сәттің видеосын таратып жатыр. Түркістандықтардың айтуынша, музей ғимараты әуеліде-ақ сапасыз салынған. Айтуынша, жаңбырлы ауа райында музейдің төбесінен су ағады екен.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл жағдайға түсініктеме берді.

«2023 жылғы 4 мамырда сағат 16:15 шамасында желдің қатты соғуына салдарынан Қожа Ахмет Ясауи музейі шатырының 80 шаршы метрге жуық аумағы (сыртқы алюминді касеталар) ұшып кетті. Облыстық «Қазгидромет» филлиалының мәліметіне сәйкес, шығыстан соққан жел секундына 15-20 метр, күндіз кей уақытта 25 метрге дейін жеткен. Музейдегі ақауларды ретке келтіру жұмыстары жел тоқтаған соң жасалады. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты», – деді әкімдіктен.