Біздің қоғам шындықты жек көреді - Айдос Сарым

Qaz365.kz редакциясы

Ол қазақ қоғамы  тек мақтағанды жақсы көреді деп санайды

parlam.kz

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қазақ қоғамы ащы шындықты қабылдай алмайды, тек мақтағанды жақсы көреді деп санайды. Бұл туралы журналист Мақпал Мейірбекқызына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әңгіме барысында ол іштей ұнатпай жүрген, бірақ айта алмайтын шындықтары бар екенін жеткізді.

«Маған сеніп айтқандардың әңгімесінің бәрін жариялай бермеймін. Оның бәрін айтсам ешкім сөйлеспей қояр еді. Ең алдымен қоғамға ұнамас еді. Өйткені біздің қоғам шындықты жек көреді. Әсіресе, қазаққа айтатын шындықты көтере алмайды. Бұл рас. Қазақ өзін мақтағанды жақсы көреді. Мінезін, құлқын өзгертуді қаламайды. Қоғам қандай болса билік те сондай», - деді Айдос Сарым.  

Ол жемқорлық бойынша екі ұлы сотталған Жигули Дайрабаевқа қатысты пікір білдірмеймін деп айтты. Қоғам тарапынан Дайрабаев Мәжілістен кету керек, моральдық құқығы жоқ деген сөздер көп айтылған. Бұған Айдос Сарымның жауабы бар болып шықты.

«Бұған қатысты пікірді бірінші кезекте Жигули мырзаның партияластары мен электораты айтуы керек. Маргарет Тэтчердің (Ұлыбританияның экс-премьері) баласы Африка елдеріне заңсыз қару тасыған.Соған байланысты Тэтчер қызметінен кеткен жоқ қой», - дейді депутат.