Педагогке алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді
Кентауда желмен ұшқан мектеп шатырының бөлігі мұғалімнің басына түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қатты желден Кентау қаласындағы мектеп пен колледждің және тұрғын үйлердің шатыры ұшып, халықты әбігерге салуда.
Қала орталығында орналасқан №1 мектептің шатыры құлап, аулада кетіп бара жатқан ұстаздың басына түскен болатын.
“Бірден ауруханаға жеткізілген педагогке алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Қазір науқастың жағдайы орташа. Басындағы самай бөлігіндегі жарақат тігілді. Травматология бөлімінде ем алып жатыр”, - деді Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Асылбек Утебаев.
Айта кеетйік, Түркістан облысында дүлей дауылдан әлі екі аудан тұрғындары жарықсыз отыр.
Сондай-ақ Шымкентте де қатты жел болып, ағаш көлікті басып қалған.