Ол қаза тапқан әскерилерді бейнеге түсірген
«Вагнер» ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожин Ресейдің әскери басшылығын сарбаздардың өліміне айыптап, бір күнде қаза тапқан әскерилерді видеоға түсірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жантүршігерлік бейне «Пригожиннің баспасөз қызметі» Telegram-арнасында жарияланды.
«Міне, бүгін қайтыс болған жігіттер, «қаны әлі кеппеген», – деп сөзін бастаған «Вагнер» ЖӘК басшысы операторға тізіліп жатқан мәйіттерді түсіруді бұйырды.
Әрі қарай Пригожин қару-жарақтардың жетіспеушілігі 70% екенін айтып, тиісті талап сақталғанда құрбандар саны бес есе аз болады деп мәлімдейді.
«Олар осы жерге өз еркімен келді. Олар қымбат қызыл ағаштан жасалған кабинетте отырған сендер үшін қырылып жатыр», - деді сөзін түйіндеді Пригожин Қорғаныс министрі мен Ресей Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Сергей Шойг пен Валерий Герасимовқа.
Ол оларды «Оңбағандер» деп атады.
Бұған дейін Зеленский Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотта «Бұл соңғы соғыс болуы керек, біз жеңеміз» деп мәлімдеген еді.
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Ресейге қарсы санкцияларды сақтамаған банктердің атын жариялауды талап етті.
Қытай БҰҰ-да РФ агрессор деп аталатын қарарға дауыс берді.