COVID-19 пандемиясы ресми түрде аяқталды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы брифингте ұйымның бас директоры Тедрос Гебрейесус айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) COVID-19 үшін пандемия мәртебесін жойды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы брифингте ұйымның бас директоры Тедрос Гебрейесус айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі сарапшылық комитеті маған пандемиядан "төтенше жағдай" мәртебесін алып тастауды ұсынды. Мен бұл кеңесті құп көріп, пандемияның аяқталғаны туралы жариялаймын, – деді Тедрос Гебрейесус.

Дегенмен ДДСҰ басшысы коронавирустың ешқайда кетпегенін айтып, адамдарды жұқтырып, зиян келтіретінін еске салды. Оның айтуынша, пандемия басталғаннан бері әлемде кем дегенде 20 миллион адам қайтыс болды.