Қазақстан-Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Шет мемлекеттің жеті азаматы Қазақстан-Ресей шекарасынан заңсыз өтуге талпынған

Ашық дереккөздерден

Өзбекстан азаматтары өткізу пункттерін айналып өтіп, Қазақстан мен Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтпекші болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Мой город-қа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, тепловизор жеті адамның өткізу пункттерін айналып өтіп, Қазақстан мен Ресей шекарасын заңсыз кескенін тіркеген.

«Тепловизорда іс-қозғалыс нақты тіркелді. Шекарашылар шұғыл әрекет етіп, олардың заңсыз әрекеттерінің алдын алды. Аталған адамдар ұсталды. Олар шекарадан өту құқығының шектелуіне байланысты осындай заңсыз әрекетке барғаны анықталды», - деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің БҚО бойынша департаменті.

Ұсталған Өзбекстан азаматтары жауапкершілікке тартылып, елден шығарылды.