Сыртқы істер министірлігі неге үнсіз

Qaz365.kz редакциясы

"Ресейдің келесі мәселесі Қазақстан" деген ресейлік саясаттанушылардың сөзіне Арман Шораев пікір білдірді

paryz.kz

“Ресейдің Украинадан кейінгі мәселесі Қазақстан” деген ресейлік саясаттанушы Дмитрий Дробницкийдің сөзіне белгілі журналист, қоғам қайраткері Арман Шораев пікір білдірді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

“Сендер өздеріңнен бауырлас елді шеттетуден “спорт шеберлерісіңдер”. Сендерге Украинадан алып жатқан соққылар аз ба? Қатты жұлдыз ауруымен ауырып кеткен жоқсыңдар ма?! Біз мұнда "бандералардан" кейін кезек алдық. Миларыңды орнына коятын боламыз. Ал біздің Сыртқы істер министірлігі неге үнсіз?! Тағы да егемендігімізге қарата айтылған сорақы сөздерді жай ғана жұтып қоя сала ма?” – деді Арман Шораев.

Ресейлік саясаткерлер тарапынан Қазақстанның шекаралық тұтастығы мен егемедігіне қарата айтылған пікірлер бірінші рет емес. Бірнеше рет қайталанып отыр. Ресейлік саясаткерлердің соңғы сөздері жайында  ҚР Сыртқы істер министрлігі әзірге ресми пікір білдірген жоқ.