Астанада екі жасар қыз терезеден құлап, аман қалды.

Qaz365.kz редакциясы

Қыз бала ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа дәрежеде.

Ашық дереккөздерден

Астанада 2 жасар қыз терезеден құлап, аман қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының мәліметінше, 6 мамыр күні Астанада 2021 жылы туған қыз бала үлкендердің қарауынсыз қалып, 7 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан құлап кетті.
Үйде отырған әкесі баланың терезені ашып, сыртқа қалай шығып кеткенін байқамай қалған. 
Қуанышқа орай көршілері сыртта құлайын деп тұрғанf баланы уақтылы көріп қалып, көрпе жайып тұрып баланы қағып алады.
Қыз бала ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа дәрежеде.