Алматы тауындағы өрттің беті қайтарылды

Qaz365.kz редакциясы

Сағат 17:53-те өрттің таралуын тоқтатуға қол жеткізілді

ТЖМ

Медеуде тұтанған өрттің таралуы тоқтатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Алматы қаласында табиғи өртті сөндіру жұмыстарына күштер мен құралдардың топтары жоғары дәреже бойынша жұмылдырылған, өрттің таралуын жою бойынша жұмыстар жүргізілді. Сағат 17:53-те өрттің таралуын тоқтатуға қол жеткізілді», - деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға орнында «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі тікұшағымен 30 рет су ағызылды (90 тонна). Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімдігі 109 құтқару қызметінің МИ-8 МТВ тікұшағы көтерілді.

Оқиға орнында ТЖД 62 жеке құрам қызметкері және 5 техника, МҰТП қызметкерлері – 42 адам өртті сөндіріп жатыр.

Еске салайық, 7 мамыр күні сағат 23:52-де Алматының Медеу ауданы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің филиалы, Кіші Алматы орманшылығының тау баурайында құрғақ шөп пен құлаған ағаштардың тұтанғаны анықталды.

Отпен күрес кезінде өрт сөндіруші мерт болды. Тағы бір құтқарушы жарақат алды.