Зообақ қабылдаудан бас тартқан құсты өскемендік әйел үйінде асырап отыр

Qaz365.kz редакциясы

Ол құсқа Таным деп ат қойды

«Дворянин» жануарлар құқығын қорғау қоғамдық қорынан

Өскемен қаласының тұрғыны жаралы кезқұйрықты қамқорлығына алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Дворянин» жануарлар құқығын қорғау қоғамдық қорының мәліметінше, Өскемен қаласының тұрғыны үйінің ауласында ұша алмай жүрген кезқұйрықты байқаған. Әйел құсты үйіне әкеліп, жануарлар құқығын қорғаушылардан көмек сұрады. Содан кейін құс ветеринарлық клиникаға жеткізілді.

«Белгілі болғандай, құстың қанаты сынған. Оны біреу атып түсірген сыңайлы. Құсты табиғатқа жіберуге келмейді», - делінген ақпаратта.

Қала тұрғыны қанатты жануарды Өскемендегі зообаққа өткізбек болған. Алайда ол жақта қабылдаудан бас тартылған.

«Сондықтан әйел кезқұйрықты өз қамқорлығына алды. Ол құсқа Таным деп ат қойды. Қазір құстың жағдайы жақсы», - делінген хабарламада.