Астанадан ұшып шыққан FlyArystan ұшағы шұғыл қонды

Qaz365.kz редакциясы

Рейстің кешігу себебі әуекомпания кінәсінен емес және бақылаудан тыс болған

Ашық дереккөздерден

Астана-Ақтау рейсі бойынша көтерілген FlyArystan әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Атырауға шұғыл қонды. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

"FlyArystan 08.05.2023 жылы сағат 23:30-да ұшатын Астана-Ақтау KS7375 рейсі Ақтаудағы қолайсыз ауа райына, атап айтқанда, қою тұманға байланысты Атырауға шұғыл қонды. Атыраудан ұшып шығу жергілікті уақыт бойынша 09.05.23 сағат 06:40-та жоспарланған", - делінген хабарламада.

FlyArystan компаниясының түсіндіруінше, бұл жағдайда рейстің кешігу себебі әуекомпания кінәсінен емес және бақылаудан тыс болған.