Медеудегі өрттің себебі аталды

Qaz365.kz редакциясы

Өрт болғанға дейін осы аймақта екі жас жігіт болған

ТЖМ

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Іле-Алатауы ұлттық паркінде шыққан өрттің себебін атады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Әкімнің сөзіне қарағанда, өртті екі жас жігіт қойған.

"Өрт болғанға дейін осы аймақта екі жас жігіт болған. Олар оқиға орнынан кетіп қалған. Қазір полициямен бірлесіп оларды іздестіріп жатырмыз", - деді Оразалин.


Айта кетейік, таулы аймақта жел соғып, өрт тез таралған. Салдарынан қызыл жалын 8 мың шаршы метр жерді шарпыды. Бір құтқарушы көз жұмды. Тағы біреуі жарақат алды.