Жетісу облысында кәсіпкер мүгедектігі бар жанға баспана сыйлады

Qaz365.kz редакциясы

Үштөбе қаласынан тұрмысқа жайлы 4 бөлмелі үйдің кілті табысталды

inform.kz

Жетісу облысының Қаратал ауданында кәсіпкер мүгедектігі бар жанға баспана сыйлады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Меценат-кәсіпкер көп жылдан бері баспанасыз, жалдамалы пәтерде тұрып келген Мадина Төменбаеваға баспана сыйлады.

Ата-анасынан ерте айырылып, баспана тауқыметін тартып келген Мадинаға Үштөбе қаласынан тұрмысқа жайлы 4 бөлмелі үйдің кілті табысталды.

Мадина Ерікқызы туа біткен сал ауруымен ауырады.

«Бүгін, міне, қолы ашық жандардың арқасында баспаналы болдық. Бұл жаңалықты хабарлағанда сенбедім. Түс деп ойладым. Бізді осында әкеп, қолымызға кілтті табыстағанда қуанышымда шек болмады. Бәрінен бұрын бауырым бақытты. Енді біздің бауырымыз екеумізде армандағандай өз баспанамыз болады. Барлығына көп рахмет. Менің отбасыма қол ұшын созып, көмектескен жандарға алғысымды білдіремін», –деді көз жасына ерік берген Мадина Ерікқызы.