Моншаға да барып айтуға дайынмын: Нұрлан имам киноға түсті

Qaz365.kz редакциясы

Ол эпизодтық рөлді сомдағанын айтты

youtube.com/@JibekJolyTV

Танымал имам, қоғам белсендісі Нұрлан Асанов отандық кинодағы эпизодтық рөлді сомдағанын айтты. Бұл туралы имам "Jibek Joly TV" телеарнасындағы "Түнгі студия" бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі smartnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Телебағдарламада Нұрлан Байжігітұлы 11 мамырда премьерасы болатын "Күйеуіме тоқал іздеймін" атты киноға түскенін жария етті.

"Біз киноға түстік. Ол жерде кішкене ғана эпизодтық бөлім. Өтініштер бар. Қалай болғанда да, киномен бе?... Біреулер айтады маған: "бір күні базарға барып айтарсың" дейді. Базар тұрмақ, моншаға да барып айтуға дайынмын. Егер менің қажетім керек болса, тап сол жерге барып айтуға, дінді насихаттауға дайынмын", - дейді Нұрлан имам.

Сонымен қатар танымал имам "алдағы уақытта киноны өзіңіз түсіресіз бе?" деген сұраққа жауап берді.

"Киноны өзім түсіремін деп айта алмаймын. Әркім өз шаруасымен айналысу керек", - деді Нұрлан Байжігітұлы.