Оның айтуынша, ескерту жұмыстары жүргізілді
Журналистер Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтан 9 мамырда адамдардың қызыл тумен шеруге шыққанын айтып, мұның қаншалықты заңды екенін сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Министр ешкім ұсталмағанын айтты.
"Оларға ескерту, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Біз құқықтық мемлекетте тұрамыз. Сол себепті оған тыйым жоқ. Алайда олардың әрекеті қоғам наразылығын тудырғандықтан, ескерту жасалды. ішкі істер органдарының сақшылары насихаттау, үгіттеу, ескерту жұмыстарын жүргізді”, – деді министр.
Ахметжановтың сөзінше, полиция қызметкерлері заң шеңберінде қолдарынан келгенді жасады. Ал мұндай әрекеттердің соңы алауыздыққа, қоғамның бөлініп-жіктелуіне апарып соқпас үшін үшін заңға өзгеріс енгізу керек дейді ведомство басшысы.