Назарбаевтың канцеляриясысы қысқарады, батыстық үлгіде болады - Әшімбаев

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша,Назарбаевтың қазір канцеляриясы қазір жоқ

elitar.kz

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистер палата төрағасы Мәулен Әшімбаевқа «экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың канцеляриясының керегі бар ма?»  деген сауал тастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Менің білуімше, канцелярияның көлемі қысқарған. Алайда оның нақты қанша екенін айта алмаймын. Онда жұмыс істеп жатқан адамдардың саны да күрт қысқарған. Осыған байланысты бюджетті қарағанда біз қаржы мәселесін қарайтын шығармыз. Сондықтан онда бұрынғыдай біраз адам жұмыс істеп жатқан жоқ әрі қазір үлкен функциялар да жоқ», - деді Сенат төрағасы.

Ол  Назарбаевтың кеңсесі батыстың үлгісімен қалуы мүмкін екенін айтты. Соның ішінде АҚШ-тың мысалына қарауға болады деп отыр.

«АҚШ-та экс-президенттердің кітапханалары, музейлері, ішкі аппараты бар. Бұл жалпы дамыған мемлекеттерде бар үрдіс. Егер ол президент біраз еңбек етсе, өзінің кітаптары, қағаздары болады. Бір-екі көмекшісі жүруі керек шығар. Сондықтан біз өзіміз бір нәрсе тауып отырған жоқпыз. Бірақ бұрынғыдай кеңсе жоқ», - деді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша,Назарбаевтың қазір канцеляриясы қазір жоқ, адамдары қысқарған.