Ақтауда тұрғын үйдің күнқағары құлап, бір адам қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Тағы екі зардап шегуші ауруханаға жеткізілді

facebook.com/azamat.sarsenbaev

Ақтауда тұрғын үйдің күнқағары құлады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Бір адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер мердігер компания қызметкерлері екені белгілі болды. Ер адамдар күнқағарды бөлшектеп бұзып жатқан.