Қандастар Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр
Алматы облысы, Шелек ауылындағы 200-ге жуық қандасымыз бір инспектордың кесірінен екі жылдан бері Қазақстан азаматтығына қол жеткізе алмай жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы КТК арнасының тілшісі Сымбат Байжөкенов жария етті.
«Өзбекстан мен Қытайдан қоныс аударған қазақтар бір жыл бұрын қызметінен шеттетілген миграция инспекторы жұмысын ары қарай жалғастырып, құжаттарды қабылдай бергенін айтады. Атажұрттың азаматы атану арманға айналды деген ағайын Д. есімді инспектор делдалдар арқылы ауызбастырық алып отырғанын да жеткізді», – дейді сюжет авторы.
Тілшінің айтуынша, инспектор осы қызметкерді шулаған жұрт таппай сабылып жүр. Көбінің айлап жүріп жинаған бума-бума құжаттары да жоғалған. Ал көшені басына көтеріп, айғайға басқан әйелдің бірі көші-қон қызметінде жұмыс істемеймін деп бет бақтырмай, журналистерге тап берген.Төзімі таусылған қандастарымыз «неге өтірік айтасың, құжатты саған бердік қой» деп шулады.
«Д. Қ деген осы 4-5 жыл бұрын осы басқарманың бастығы болған. Былтыр іс қозғалып, Алматы облыстық көші-қон басқармасындағы қызметінен кеткен. Өзі қызметте жоқ болса да, құжаттарды қабылдап келген. Жұмыстан кетсе де, сырттан келген қандастар арқылы ақша табудың көзін тауып алған», – дейді әйелдердің бірі.