Өскемендегі әжетханада соққыға жығылған қыз ауруханаға жатқызылды

Qaz365.kz редакциясы

Жәбір көрген қыздың әпкесі соттың әділ шешім шығарып, соққыға жыққан қыздардың лайықты жаза алуы тиіс дейді

Өскеменде жас қыздардан аяусыз соққы жеген қыз тағы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. Қыздың әпкесі Тоғжан Досымова да жағдайды растады. Жәбірленуші қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында.

«Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Туыстарының өтініші бойынша қыздың жағдайы туралы толығырақ мәлімет бере алмаймыз. Қазір бойжеткенге барлық қажетті медициналық көмек беріліп жатыр», – деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасы. 


Айта кетейік, сәуір айының басында Өскеменде сауда орталықтарының бірінде жасөспірім қыздардың өз қатарластарын ұрып-соққан, тізерлеп отырғызып, шешіндірген видеосы тараған болатын. Қыздың әпкесі Тоғжан Досымова ресми деректерде шындық ашып айтылмай жатқанына қынжылысын білдірді. 
Жәбір көрген қыздың әпкесі соттың әділ шешім шығарып, соққыға жыққан қыздардың лайықты жаза алуы тиіс дейді.
Аталған оқиғаға байланысты ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тоғжанның айтуынша, қылмыстық жауапкершілікке үш қыз тартылған. Оның екеуі мектепте, біреуі колледже оқиды екен.
Айта кетері, ұрып-соққан оқушының бірінің анасы Өскемен қалалық білім бөлімінде кадр бөлімінің басшысы болып қызмет еткен. Өскемен қалалық білім бөлімі басшысы Сәуле Алагөзова жақында оның қызмет кеткенін мәлім етті. Әкесі Антикорда істейді деген ақпарат та тараған. Бірақ ол жағы расталмады. Кейіннен мәлім болғандай, қыздың әкесі мектептердің бірінде күзетші болып істейді.