Сот 10 мамырда өтті және сотталушыға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді бұйырды
Петропавл қаласы сотының үкімімен СҚО бойынша ПД Петропавл қаласы Полиция басқармасының ЖПҚ бөлімшесінің бастығы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сот 10 мамырда өтті және сотталушыға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді бұйырды.
Сотталған сапаны растайтын тиісті құжаттары жоқ, акцизделетін өнімді заңсыз сатуды жүзеге асыруда қамқоршылық көрсеткені үшін жалпы сомасы 500 жүз мың теңгеден асатын бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Осылайша, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен 1000 блок темекі өнімінің және 5 мың литр күмәнді алкоголь өнімінің заңсыз сатылымы тоқтатылды.
"Сотталған "полиция майоры" арнаулы атағынан, сонымен қатар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды", – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.