Мемлекетке 760 млрд теңге қаражат қайтарылды – Бас прокурор

Qaz365.kz редакциясы

Қайтару шараларын комиссияның барлық мүшелері мен тартылған мемлекеттік органдар жүргізіп жатыр

Ашық дереккөздерден

Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Қазақстанға 760 миллиард теңге қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ол Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтты.

«Арнайы заңның қабылдануын күтпей-ақ, ортақ күш-жігермен елге 760 млрд теңге сома болатын активтерді қайтаруға мүмкіндік туды. Қайтару шараларын комиссияның барлық мүшелері мен тартылған мемлекеттік органдар жүргізіп жатыр», - деді Берік Асылов.

Активтерді қайтару бойынша ведомствоаралық комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің айтуынша, 760 млрд теңге сомасы дүние-мүлік түрінде, актив түрінде және валюта түрінде қайтарылып жатыр.