Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды

Qaz365.kz редакциясы

Астаналық сот бұлтартпау шарасын белгіледі

atameken.kz

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"2023 жылы 12 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Абылай Мырзахметовке қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі atameken.kz", – делінген хабарламада.

Антикордың мәлімдеуінше, Абылай Мырзахметов алаяқтық және туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінді. Антикор 10 мамырда оның ұсталғанын және оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ресми түрде растады. 

Айта кетсек, Абылай Мырзахметов  2022 жылы ақпанда "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы қызметіненөз еркімен кеткен болатын. Ол өзіне тағылған сынмен келісетінін айтып, Ұлттық палатаның кезектен тыс IX съезінде мәлімдеме жасаған болатын. 

Ол бұған дейін ҚР Президенті жанындағы экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі болған.

Сондай-ақ, "Қазақстан темір жолы" РМК бас директорының міндетін атқарушы, "Самұрық-Қазына" қоры жанындағы Қоғамдық-консультативтік кеңестің жауапты хатшысы болды.

2003 жылы мамырда Мырзахметов мемлекеттік мүлікті ұрлауды ұйымдастырды деген айыппен мүлкі тәркіленіп, шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын.