Алматыда жүкті әйел көлік ішінде босанды

Qaz365.kz редакциясы

Ол Талғар ауданынан Алматыға бір жұмыстарымен келген

Ашық дереккөздерден

Алматыға Талғар ауданынан келген жүкті әйел көлік ішінде босанды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Әйелдің сөзінше, ол Талғар ауданынан Алматыға бір жұмыстарымен келген. Жол үстінде толғағы қысқан.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, сағат 12:45-те жедел медициналық жәрдемінің диспетчерлік қызметіне көлікте әйелдің босанғаны туралы хабарлама түсті. “Жедел жәрдем” бригадасы келгенше сағат 12:57-де әйел көлікте босанған.

Жедел медициналық көмек бригадасы келген соң қажетті медициналық көмекті көрсетілді. Ана мен бала №1 қалалық перзентханаға жеткізілді, онда барлық қажетті медициналық манипуляциялар жүргізілді.

«Қазір әйелдің жағдайы қанағаттанарлық. Баланың салмағы 3 келіден асады. Ол инвазивті емес желдетудегі балалар бөлімінде орналасты. Баланың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.