Биыл Қазақстан мен Индонезия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толады.
Air Astana мен Garuda Indonesia әуе компаниялары 15 мамырдан бастап Қазақстан мен Индонезия арасында әуе сапарларын іске қосады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақстандағы Индонезия елшілігінің мәлімдеуінше, аталған рейс Бали – Сеул – Алматы қалалары арасында ұшады.
Елшілік екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа биыл 30 жыл толатынын атап өтті.
"Туристер ағыны, халықтар арасындағы байланыс, екі ел арасындағы сауда және инвестициялық жобалардың көлемі артады деп күтіп отырмыз. Garuda Indonesia әуе компаниясының бас директоры Ирфан Сапутра өз мәлімдемесінде Бали – Сеул – Алматы бағыты бойынша әуе қатынасы рейстер арасындағы транзиттік уақыт шамалы болғанда және Оңтүстік Корея Инчхон әуежайында транзиттік визаны ресімдеудің қажеті болмаған кезде ұшатын рейстердің неғұрлым бәсекеге қабілетті болатынын айтты", – делінген хабарламада.