Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Yvision

Бүгінде қазақстандықтар 30-дан астам елге визасыз бара алады. Олардың ішінде алыс және жақын мемлекеттер бар, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселен, Грузияда бір жыл, Арменияда жарты жыл, Албания, Колумбия, Коста-Рика, Молдова, Моңғолия, Намибия, Ресей, Түркия мен Украинада үш ай бойы визасыз жүруге болады.

Қазіргі кезде Қазақстан тағы 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Олардың қатарында Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн және тағы басқа мемлекеттер бар.

Қытаймен де өзара визасыз режим енгізу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде екі жаққа да 30 күнге визасыз кіруге болады.

Айта кетері, бүгінде барған елдің әуежайында визаны сатып алу мүмкіндігі бар. Ондай қызмет Мысыр, Замбия, Маврикий, Намибия, Сейшел аралдары мен Таиландта бар.

Визаның ақысы – 17-130 доллар.