Мысырда алтын тілді мумиялар табылды

Qaz365.kz редакциясы

Мумиялар кейінгі әулеттік және эллиндік кезеңдерге жататын қабірлерден табылып отыр

news.cn

Ніл өзенінің сағасындағы Минуфия провинциясының ғибадатханасында жұмыс істейтін мысырлық археологтер бірнеше алтын тілді мумия тапты. Бұл туралы бейсенбі күні елдің Туризм және көне жәдігерлер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат пен Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Мәлімдемеде айтылғандай, әртүрлі дәуірлерге, соның ішінде кейінгі әулеттік және эллиндік кезеңдерге жататын қабірлерде аузына алтын тіл салынған бірнеше мумия табылды.

Мумиялардың жақсы сақталмағаны атап өтілді. Бұл қабірлердің тоналғанын білдіреді. Сондай-ақ, алтын парақтарға оралған бірнеше қаңқалар, адам пішіндес бірнеше ағаш саркофагтар, керамика және мумиялау материалдары табылды.


“Ғалымдардың пайымдауынша, тілдер өлген адамның ақыретте сөйлей алуын қамтамасыз ету үшін алтыннан жасалған”, – деді археолог Бахаа ан-Нагар.

Оның айтуынша, ертеде билеушілер бетперделерін, саусақтары мен тілдерін алтынмен безендірген, өйткені бұл әрқашан жарқырап тұратын метал.