Тоқаев туған күнін тойламайды

Qaz365.kz редакциясы
akorda.kz

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Ол 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын айтты.

Руслан Желдібай Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатқанын айтты.

"Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді", - делінген хабарламада.