Тексерулер нәтижесінде фермерлерде таңқурай егістік алқаптары жоқ болып шықты
ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті шаруа қожалықтарының реквизиттері мен құжаттарын пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді орындамай, шот-фактуралар жазып берген бірқатар тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
ҚМА мәліметінше, жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай түрлерін жеткізуге жазылып, кейін шаруа қожалықтарының атынан субсидиялар алуға электронды өтінімдер берілген.
"Тексерулер нәтижесінде фермерлерде таңқурай егістік алқаптары жоқ болып шықты. Бұл азаматтар мемлекеттен 800 миллион теңгеден аса сомаға субсидия алған. Алаяқтық деректері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген", - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.