1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газы қымбаттайды

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылдың 30 маусымын қоса алған кезеңде сұйытылған мұнай газының шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда тоннасына 40 320 теңге мөлшерiнде болады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
 
Сұйытылған газдың қазіргі бағасы – 33 600 теңге. 
 
Энергетика министрлігінің бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.